Жолдар жөнделіп жатыр

0 236

Сымбат МЫРЗАҒҰЛОВ, Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Қаладағы жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
– Астана – сәт сайын дамып келе жатқан қалалардың бірі. Соған сай, қаланың жол-көлік қозғалысы да жетіліп отыру керек. Астанадағы жолдардың беткі қабатындағы ұсақ ақаулар бүтінделіп, олардың алды алынып жатыр. Орташа жөндеу жұмыстарында ескірген жерлер қалыпқа келтіріліп, жолдың беткі қабаты тегістелуде, сондай-ақ, жер полотносының зақымданған жерлері жөнделеді. Жол жабындарының жөндеу аралығына жол салынып, пайдалануға берілгеннен кейін басталып, жаңартылып, күрделі жөндеуден өткізіліп немесе орташа жөндеуді қажет еткенше, жолға көбіне кезекті орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле береді.
– Биыл қанша көшені жөндеу жоспарланған?
– Елордада 2008-2013 жылдар аралығында 189,2 км жол салынды. 87,8 км жол қайта жөнделді. 3 көліктік жолайрық және 4 көпір мен жолөткел салынды. Ағымдағы жылы 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 100-ден астам көшеге жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары бойынша 10 көше жөнделіп бітті.
– Жөндеу жұмыстары қай көшелерде жүргізіледі?
– Бейбітшілік көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі; Уәлиханов көшесінің Бараев көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі; Пушкин көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан №56 көшеге дейінгі; Бараев көшесінің жаяу жүргіншілер көпірінен Уәлиханов көшесіне дейінгі; Қорғалжын тас жолының Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі; Орынбор көшесінің №23 көшеден Қонаев көшесіне дейінгі; Кенесары көшесінің Желтоқсан көшесінен Республика даңғылына дейінгі; Есенберлин көшесінің Жеңіс даңғылынан көпірге дейінгі бөлігі, тағы басқа көшелер жөнделді. Конституция көшесінде көпірден Қарталы көшесіне дейінгі, Ы.Дүкенұлы көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жылдың екінші жартысында Бабатайұлы көшесінде, Иманов және Мирзоян көшелерінің аралығында көпірдің жолына, гольф клубқа апаратын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Толстой көшесінің Сембинов көшесінен Әлімжанов көшесіне дейінгі, Сембинов көшесінің Кенесары көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі жөнделеді.

Сонымен қатар, көше жолдарын жөндеу тек орталық көшелерде жүргізіліп қана қоймайды, қаланың шеткері жақтарында да, мәселен: Еңлік-Кебек, Жолымбет, Өндіріс, Бейсекова, Дулатов, Герцен, Қордай және тағы басқа көшелерде жүргізілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + twenty =