ЖОЛДАР КЕҢЕЙІП, КӨПІРЛЕР КӨБЕЙЕДІ

0 127

Астанада жыл сайын жолдар жөнделіп, көшелер тегістелетінін жұртшылық жақсы біледі. Енді бас шаһар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін алаңға инженерлік-көліктік инфрақұрылымды тартуға көбірек көңіл бөлмек. 2008 жылдан бері 22,8 шақырым жол салынып, алдында салынуы жоспарланған 14 жолайрықтың, көпірдің және өткелдердің 9-ы пайдалануға берілген.

10405587_864460196939613_6028955152764357753_n

КӨЛІК КЕПТЕЛІСІ АЗАЯДЫ

Енді 35 шақырымды құрайтын кіші айналма жолдың құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, жаңа теміржол вокзалы мен «Абу-Даби Плаза» кешенін, жаһандық көрмеге қатысты өзге де ірі нысандарды тиісті желілермен қамтамасыз ету – басты мақсат. Бұл туралы кеше ұйымдастырылған бас­пасөз мәслихатында Астана қаласы Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мәлімдеді.
– Жалпы алғанда, 10,5 шақырымды алатын 11 көше бойынша жұмыс қолға алынды. Оларға №41, №42, А.Бай­тұрсынов, Ж.Нәжі­меденов, А82, А62, В-4, Баянтау, Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелері және Қабанбай батыр даңғылы кіріп отыр. Бұл аумақтарда қазір құрылыс салу-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландыру толық қам­тамасыз етілген, – дейді ол.
Қаланың әлеуметтік нысандарына апаратын жолдарды салу мен оларды инженерлік желілермен қамтамасыз ету де ұмыт қалған жоқ. Бүгінгі таңда бірқатар көшелерде сәйкес жұмыс жалғасуда. Бұған қоса, Астанадағы көліктер ағынын азайту үшін де басқарма нақты істерді атқаруда екен.
– 35 шақырымды құрайтын кіші айналма жолы тәулігіне 90 мың автокөлікті өткізе алады. Бұл жол ашылғанда кемінде 20 мың көлік қаланың орталығына кірмей, сыртпен айналып жүре алады деп жобаланып отыр. Биыл бұл жолды салу үшін Ш.Бейсекова көшесінің бойымен Н.Тілендиев даңғылынан бастап, Ә.Молдағұлова көшесіне дейін жер телімін босату басталды, – дейді А.Қарағойшин.

????????????????????????????????????

ШЕТ АУМАҚ ТА ҚАҒЫС ҚАЛМАЙДЫ

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында қаладағы жол құрылысына қатысты басқа да ақпарат айтылды. Атап айтсақ, елорданың шеткері аймақтарын дамыту бағдарламасының аясында 2011-2016 жылдары аралығында 101 шақырым жол салынып, 275,25 шақырым инженерлік желілер тартылды. Күйгенжар, Қазақ ауылы, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленый тұрғын алаптарында бұл жұмыстар толығымен аяқталды. Биыл Комсомольский, Көктал-2, Оңтүстік Шығыстың оң жағы және Н.Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай 6 шақырым жол мен 32 шақырым инженерлік желілерді тартуды аяқтау жос­парлануда. Мұның ішіне Интернациональный және Мичурино тұрғын алаптарына инженерлік желілерді тарту да кіріп отыр. Жалпы алғанда, шеткері ай­мақтар бойынша жұмыстарды бітіру үшін 93,78 шақырым жол мен 213,55 инженерлік желілерді тарту керек екен.

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДА КІДІРІС ЖОҚ

Қаладағы жолдарды жөндеуге келсек, жыл басынан бері 61 көшедегі 44,3 шақырым жол орташа жөнделді. 275 көшеде ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қазіргі таңда басқарма аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жолдарға инертті материал себуді бастады. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы 24 көшеге қиыршақ тас төселді. Жыл аяғына дейін тағы төрт көшеде бұл жұмыс атқарылуы тиіс.
Келесі жылға келсек, 32,8 шақырым жолды салу, қалпына келтіру және жөндеу жоспарланып отыр. Сол жағалауда көлік ағынын азайту үшін қысқа мерзімде №46 көшеден бастап Хусейн Бен Талал көшесіне дейін Тәуелсіздік даңғылындағы жолды салу жобаланды. Сондай-ақ, Хусейн Бен Талал көшесіндегі №39 көшеден, Абылайхан даңғылына дейінгі 10 шақырым жолды салу да үлкен маңызға ие. Осы жерде екі көпір салу да жоспарланды. Ал жалпы қалада үш көпір жаңадан бой көтермек.
Инженерлік-көліктік инфра­құрылымды дамыту үшін биылғы жылдың басынан 374 жер телімін мемлекет мұқтажына сатып алу көзделді. Бұл жұмыс та өз ретімен жүргізіліп, қазіргі таңда 313 жер телімі сатып алынды. Қалған 61 телімді жыл соңына дейін сатып алу жоспарланды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − eleven =