«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ»

0 117

Мемлекет саясатын, ҚР Прези­ден­тінің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясын түсіндіру. Азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсету. Құқық қорғау органдары бе­­делін, халықтың жол полициясы қыз­­мет­керлеріне деген сенімін арттыру. Осындай мақсатпен кеше Астана қаласы Жол полициясы басқармасы «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Жол сақшыларымен бірге «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысқан шара бас­­қарма ғимаратынан бастау алды. Осы­­ жерде акцияға қатысушылардың бір тобы қалып, өзгелер халықтың көп жиналатын орындарына шықты. Сондай орындардың бірі «Грин» гипермаркеті болды.

Сауда нүктесінің жанында, жалға алынған арнайы автобуста жолдағы тәртіпке немқұрайлы қарамайтын адамдарды қабылдап, қала тұрғындарын мазалап жүрген сұрақтарға жауаптар берілді. Одан бөлек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша насихат материалдары таратылып, азаматтардың арасында полиция қызметі мен халықтың полицияға сенімі жөнінде сауалнама жүргізілді.

Сондай-ақ, дәл осындай шаралар Астана – Қарағанды тас жолы бойындағы «Қызылжар» бекетінде, «Рамстор» сауда үйі, орталық базар, вокзал маңындағы алаң, сол жағалаудағы ірі сауда үйлері қасында да ұйымдастырылды.

Жол апаттарын алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелерімен жол-көлік оқиғаларына ұшыраған көліктердің автокеруені өткізілді.

А.Шмитұлы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four − two =