«Жолда қабылдау» жалғасады

0 16

«Жолда қабылдау» шарасы аясында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын 09:00-ден 19:00-ге дейін мобильдік бекеттерде қала тұрғындарына кеңес беріп, сұрақтарына жауап береді.Бұл іс-шараға жол бойы полицейлерінен басқа Төтенше жағдайлар басқармасы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қатысады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізіліп, онда онлайн-режимде пайдаланушылар мазалаған сұрақтарын қоя алады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі пайдаланушылардан тікелей эфирде 180-нен астам сұрақ келіп түсті. Айта кетсек, соңғы уақытта Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі азаматтарды толғандыруда. Әкімшілік полиция қызметкерлері осы мәселелер бойынша да түсініктеме берді.
Қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс және салық салу мәселелері бойынша кеңес беру және құқықтық көмек алу үшін жүгіне алады. «Жедел желі» телефоны: 8 (7172) 71-69-77.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды