Жолаушыны құтқарып қалды

0 30

№64 маршруттық автобус жүргізушісі әйел адамды жазымнан құтқарып қалды. Ол жөнінде Instagram-ның zhaloby_astana парақшасында кездейсоқ куәгер жазған. Оқиға 2 маусым күні таңертең болған екен.«Дастан» аялдамасында жолау­шылар автобусқа міне бастады. Бір уақытта салоннан у-шу шықты. Сол жерге жақындап барсам, еденде жатқан әйел адамды көрдім. Оның аяқ-қолдары тартылып, дем ала алмайды. Мұндай жағдайда қандай көмек көрсету керек екенін білемін. Бізді CTS курстарында осындай төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін үйреткен. Әйел тілін жұтып қоймауы үшін бірден аузын ашып, оны шығарып алдым. Кішкенеден кейін әйел есін жиды, бірақ біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмады. Су ішкізіп, бетін жуғыздық» деді автобус жүргізушісі Ербол Ескендіров.
Жүргізуші мен жолаушылар ­әйелдің қолжүгін жинасып, жедел жәрдем келуін күтіскен.
Ербол Ескендіров 40 жаста, ке­йінгі 5 жылдан бері елордада автобус жүргізушісі болып еңбек етіп келеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − one =