Жолаушылар көлігі жүйесін жетілдіреміз

0 137

Әбдіхамит ТАМАБАЕВ, Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығы

– Жолаушылар көлігі жүйесін жетілдіруде қандай жұмыстар атқарылды?

– Астана қаласының әкімдігі қалалық жолаушылар көлігінің жүйесін жетілдіруді ұдайы назарда ұстайды. Соңғы жылдары елорданың жол-көлік инфрақұрылымының кеңейтілуіне байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, жаңадан 50-ден астам аялдамалар тұрғызылып, сондай-ақ, 150-ге тарта автобустар сатып алынады.

– Жоспарды құру барысында халық пікірі ескерілді ме?

– Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы елордалық автопарктің барлық бағдары желісін қайта қарап, оңтайландыруды жоспарлап отыр. Қалалықтар үшін автобус бағдарларын ыңғайлы жүйелеу мақсатында басқарма тұрғындардан қаланың үш ауданын қамти отырып, қазіргі бағдарларға түзетулер енгізу туралы өз ой-пікірлерін білдіре алады.

– Ұсыныстар түсіп жатыр ма?

– Ұсыныстарды uptad@bk.ru электронды мекен-жайына немесе мына телефондар: 8(7172) 55-67-48, т/ф: 8(7172) 32-26-76 арқылы қабылдап жатырмыз. Осылайша кез келген елорда тұрғыны қоғамдық көліктің жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстарын жеткізе алады.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 6 =