Жолақыны бет-әлпет арқылы төлейтін болады

0 39

Елордада қоғамдық көлікте жол ақысын бет-әлпетті көрсету арқылы төлеу жобасы іске қосылды.Жолаушыларға беп-әлпетін көрсетіп төлеуге мүмкіндік береді. Арнайы жабдықтар қаланың екі автобусында орнатылған. FacePay пайдаланушылары бұл көліктерді корпусындағы логотиптер арқылы тани алады. Әлемде мұндай жоба қоғамдық көлікте алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Осы сервис арқылы кез келген жолаушы қоғамдық автобусқа кіріп, жол жүру ақысын төлей алады. Қолма-қол ақшасыз төлем болғандықтан жол жүру құны 90 теңге» делінген Астана LRT компания хабарламасында.
Арнайы камералармен жабдықталған автобустарда жүйе адамның бет-әлпетін танып, автоматты түрде қажетті соманы алады. Пайдаланушы жүйе арқылы, сондай-ақ өз банкінің смс-банкингі арқылы төлем туралы хабарлама алатын болады. Бұл жүйе жүргізуші үшін ыңғайлы және автоматты түрде есеп айырысуға мүмкіндік береді. Жүйе – қолданыс үшін оңай және оның қауіпсіздігі тиісті деңгейде. Қоғамдық көлікте жол ақысын FacePay арқылы төлеу үшін Тelegram-нан @FacePay_bot бот-бағдарламасын тауып, оған ЖСН-ды тіркеп, суретке түсіру керек және банктік картаны тіркеу қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =