©2020 Астана Ақшамы
Жолақы төлемеген
Елордада қоғамдық көлікте өткен жылы жолақысын төлемеген 222,4 мың адам анықталған. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізеді.
Компания мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтаған. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.