Жолақы – банк картасымен

0 27

Елордада банк карталарымен жолақысын төлеудің тағы бір жүйесі сыналып жатыр.

Кешеден бері №20 автобус­та жолақысын кез келген екінші деңгейдегі банк картасымен төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл төлем жүйесі тест режимінде жүзеге асырылады және шамамен бір айға созылады.
VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті. Қажет болған жағдайда жолаушы электронды билетті smsbus.kz сайтынан ала алады. Валидатор экранында мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық билетті алуға сілтемелер көрсетілген.
Банк картасымен төлеу кезінде жол жүру құны 90 теңге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =