Жол жөнделіп, жаңа көпір салынады

0 39

Елордада Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасының үстінен өтетін тағы бір көпір салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов instagram парақшасында хабарлады.

«Жаңа жолдар мен көпірлер тіршілігі қайнаған көшелердің жүгін азаи­̆тып, жақын маңдағы аудандар мен қала тұрғындарына қолайлы жағдай тудыратыны сөзсіз. Аралау кезінде Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым» деп жазды қала әкімі өзінің парақшасында.
Оның айтуынша, осы көшенің өзі ғана мынадай жүйелі мәселелерді шешеді: жолды әуежай бағытында жалғап, «Тельман» тұрғын алабымен қосады. Осы аумақ тұрғындарының қалаға қатынайтын жолы мейлінше қысқарады. Мәңгілік ел мен Ұлы Дала даңғылдарының жүгін азайтады.
«Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы үстінен өтетін екі көпір болады. Олар өзеннің қос жағалауын байланыстырады. Биыл барлығы 150 көшені жөндеуден өткіземіз және жаңадан саламыз» дейді шаһар басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + six =