ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР КӨРКЕЙТІЛЕР

0 103

big_5e0a5f516f68a459e3b

Жазда жол-құрылыс жұмыстары жанданатыны белгілі. Биыл елордада 120 км жол жөнделеді, соның ішінде 46,4 км жол салынып, ретке келтіріледі; оның 19,2 шақырымы қалаға қосылған елді мекендерге тиесілі.

Осыған орай 30 шілдеге дейін Жәнібек тархан көшесінің (Брусиловский – Асан Қайғы көшелерінің аралығы), Күйші Дина көшесінің (Тоқпанов көшесі – Тәуелсіздік даңғылы, сондай-ақ Жұмабаев – Абылай хан даңғылы аралығы) бойымен автокөліктердің жүруі тоқтатылады.

Желтоқсан көшесі бойында да қайта жөндеу жұмыстары қолға алынатындықтан, 16 мамыр – 1 шілде аралығында оның Бөгенбай даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қатынасы шектеледі.

Сондай-ақ, жол табанын төсеуге байланысты 14-18 мамыр күндері – Тұран көшесінің Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі бөлігі; 20-25 мамырда – 2-ЖЭО-ға баратын жолдың Софиевка тас жолынан 2-ЖЭО бұрылысына дейінгі бөлігі; 10-15 маусымда Есенберлин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігі де жабылады.

Қара күзге дейін жол жөндеу қарбаласы жалғаса береді. Сондықтан, қаланың басқа көшелерінде де автокөліктердің жүріп-тұруына тыйым салынып, уақытша іркіліс болатыны, айтпаса да түсінікті.

Р.МӘЛІМҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =