ЖОЛ және ЖОЛАУШЫ

0 113

Жол инфрақұрылымындағы жаңалықтар көңіл қуантады

Жол – қаланың күре тамыры. Жол инфрақұрылымы – экономика саласының үлкен бөлігі. Қай шаһардың да дамуы мен өркендеуі алдымен жолынан байқалады. Айтылған бағытта Астанада іргелі шаруалар атқарылып, ауқымды істер қолға алынғанын көзіміз көріп отыр. Жолдар арқылы керегеміз кеңейеді, тынысымыз ашыла түседі. Жолға, жол қозғалысына енгізілген соны өзгерістер де тұрғындар тіршілігін жеңілдете түскенін қадап айту қажет. Тақырыбымызға тұздық болған да сол игі бастамалар…

ЭКСПО – 2017-нің бір жемісі – теміржол вокзалы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылды қорытындылауға және «Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған бірнеше күн бұрынғы кеңесте жол инфрақұрылымына қатысты ойларын да ақтарған. «…Жайлы және сапалы жолдары жоқ елдерде – дамыған бәсекелестікке қабілетті өндірістік база да жоқ, келешегі бар ғылыми технология да жоқ, тұрғындарының жоғары өмір сүру деңгейі де жоқ» деген Мемлекет басшысы егер жақсы жолдар салуды үйренбейтін болсақ, онда өзіміздің стратегиялық мақсатымыздың бірде-біріне жете алмайтынымызды да сөз етті. Содан соң саладағы түйінді проблемаларды да тізіп берді: «Бұдан 10 жыл бұрын Алматы-Астана магистралы жаңғыртылды. Қазір қандай жағдайда? Сапасы қандай? Тағы да бәрі «жамаулы» күйде. Сондықтан, автокөлік инфрақұрылымын дамытудың ауқымды жобасына кірісу керек» деді ол.

Реті келгенде айта кеткен жөн, Президент ірі жобалардың бірі Астана – Алматы жүрдек пойыздарына арналған теміржол құрылысы айналма емес, тіке, Балқаш көліндегі көпір арқылы өтуі мүмкін екенін айтты. Астана әкімі Иманғали Тас­мағамбетов Халықаралық көр­мелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесуінде де елордаға қатысты үлкен жобаның қолға алынатынын сүйіншілеген. Қалабасының айтуынша, көрме аясында бас қалада бірнеше құрылыс нысандары салынады. «Ол үшін арнайы аумағы 125 гектар болатын жер бөлінген. Соның бірі – инженерлік желілердің барлығымен қамтамасыз етілген шағын аудан. Мұнда жаңа темір жол вокзалы бой көтеретін болады» деді онда Иманғали Нұрғалиұлы. Бұлардың қай-қайсы да бас шаһар дамуына екпін берері ақиқат.

Жақсы істердің жалғасы

Енді қала ішіндегі жарқын істер тізбегін жалғасақ. Арғы жылы елор­даның шет іргесін дамыту мақ­сатында арнайы бағдарлама іске қо­сылған. Бастама күні бүгінге дейін сәтті жалғасын табуда. Екі жылда қалаға қосылған тұрғын үй алаптарына 64 шақырым жол салыныпты. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, бұл жұмыстар бұрын ешқашан асфальт жабындары болмаған көшелерге жүргізілген. Соңғы екі жылда Интернациональный кенті, Көктал тұрғын үй алаптары, Тілендиев даңғылының сол жағы абаттандырылды.

Аялдамадағы карталар адастырмайды

Таяу уақытта бас қаланың аялдамаларында бағыт-бағдар беретін карта-сызбалар орнатылады. Бұл – астаналықтар мен қонақтарға қала ішінде адаспай жол табуға көмектесетін заманауи құрал. 1 ақпаннан бастап жаңа карталар Астананың екі үлкен орталық көшелері – Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылынан бастап, Республика даңғылына дейін және Республика даңғылында Абай көшесінен бастап, «Самал» шағын ауданына дейінгі аялдамаларға ілінеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Мамандар жаңа карталардағы әрбір автобус бағдары түрлі-түспен белгіленетінін мәлімдеді. «Бұл ретте тек белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетіледі. Бұған қоса, карталардағы барлық жазулар мемлекеттік тілде ғана жазылады» дейді қалалық жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.

GPS – тәртіпке жауап береді

Статистика департаментінің мә­ліметтеріне сүйенсек, өткен жылы жеке кәсіпкерлер тасымалын қоса есептегенде қаланың автомобиль көлігімен 1749, 2 млн жолаушы тасымалда­нып­ты. Қала ме­ке­ме­лері көлі­гі­мен та­сы­­­мал­дан­ған 322,8 млн жо­лау­шы бол­­са, олардың көп­­­ші­лі­гін, 1426,4 млн адам­­ды же­­ке кәсіп­­кер­­лер та­сы­мал­да­ған. Күн сайын Ас­­та­­на­­ның қоғам­дық көлігі 515 мың­ға тарта жолау­шыға қыз­мет көр­­сетеді. Сол желідегі авто­бус­тар қоз­ға­лысына GPS-бақы­лау жүйе­сінің енгізілуі де сала­дағы іргелі іс. №1 автобус паркі­нің басқарма төрағасы Сергей Бога­тыревтің сөзіне сүйенсек, қазір авто­бус­тарды жаңарту жүргізілуде. Желіде еуропа мен беларус зауыттары шығарған 243 үлкен класты автобус бар. «84 автобусты біз кешегі жылы сатып алдық. Бағыттық жүйеде барлық шағын аудандар мен қаланың шеткері алыс аудандары да қамтылған. Жиырмадан астам бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбасы өзгертілді. Автопарк қызметкерлері біліктіліктерін арттырып, арнайы киім үлгілерімен қамтамасыз етілуде» дейді ол.

Қосшыға экспресс көлік қатынайды

Көптеген тұрғындардың жолаушылар тасымалын арттыру жөніндегі өтініштеріне орай өткен жылдың соңын ала Қосшы тұрғын үй алабы бағытында экспрестік бағдар ашылды. Ол Лесная поляна шағын ауданы – «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы бағытында қатынауда.
Құзырлы басқарма мамандары­ның хабарлауынша, экспресс бағ­дарда жұмсақ орындықтары бар жайлы шағын автобустар пайдаланылуда. Билет құны ересектер үшін – 100 теңге, балалар үшін – 50 теңге. Жалпы және балалардың жеңілдетілген жол жүру билеттері бұл бағдарға жарамсыз.
Жаңа №51 экспресс бағдары жұ­мысын сағат таңертеңгі 7.00-де бастайды. Соңғы аттану уақыты – 21.00. Қозғалыс жиілігі – қарбалас шақ­та 15 минуттан, ал басқа уақытта – 30 минуттан.

Автобустың уақытын soft.kz-тен сұраңыз

Елорда тұрғындарына қалалық автобустар қозғалысын интернет арқылы бақылай алатын мүмкіндік туды. Қала көшелерінде жүретін барлық автобус бағдарлары КazInterSoft компаниясының http://soft.kz/astanabus. сайтында толық көрінеді. Бұл компания өткен жылы Астананың автобус паркін жарақтандыру жөніндегі мониторинг жобасын орында­ған болатын. Нәтижесінде онлайн тәртібіндегі жаңалық енгізіліп, атал­ған сайттан кез келген автобустың бағдарын бақылау­ға болады.
Компанияның ат­қарушы дирек­торы Мұрат Тұ­рыс­­пе­ков атал­ған сервисті өзінің балалары үнемі пайдаланатынын айтып берді. «Олар тізімнен ке­ректі ав­то­бусын тауып алады да, оның қа­­жет­ті аял­­дама­дан қан­ша қа­шық­­­тықта екен­­д­і­гін анық­тай­­ды. Сөй­тіп, қыс­та аяз­­ға тоң­бай, үй­ден ав­то­бус аял­­да­маға дәл келер кезде шыға қояды» дей­ді. Сондай-ақ, ол электронды кар­­­та­ның көмегімен автобустың қан­дай жыл­­дам­­дықпен жүріп келе жат­­­қанын, жүргізушінің бағдардан бас­­қа жаққа ауытқымағанын анық бі­ліп отыруға болатынын да хабарлады.

Айта кетерлігі, сервиске тек компьютері бар адамдардың ғана қолы жетімді емес. Ұялы телефондардан, Android тұғырында смартфондардан да кіре беруге болады.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 7 =