Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жол жайлы болса, көлік кідірмейді

0 262

Бүгінде елімізде жол мен көлік мәселесі өзекті салалардың бірі саналады. Бұл проблема оттағы қазандай күн тәртібінен түсіп көрген емес. Әсіресе, бас қалада көлік кешенін дамытуға қатысты жаңа жобалар қолға алынып, бірқатары жүзеге аса бастады. Онымен тұрғындар таныс деп ойлаймыз. Астана әкімі Әсет Исекешев таяуда халыққа есеп бергенде осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталған еді. 

ЖОЛ – ТІРШІЛіКТІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Иә, солай. Артық айтып тұрған жоқпыз. Жол да тіршілік нәрі – су секілді қат дүниелердің бірі. Әсіресе, қазіргідей көлік көбейген заманда сапалы жол күйіп тұрған тақырыпқа айналды. Бұдан елорда да айналып өте алмайды. Дегенмен бұл салада ауыз толтырып айтарлық дүниелер бар. Былтыр жол салу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Шаһарда 169 көше салынып, олардың жолы та­лап­қа сай толықтай жөнделген. Әсіресе, сапалы жол мәселесі қаланың шет жағындағы аудандардың тұрғындарын көп мазалайтын. Сондықтан өткен жылы Өндіріс тұрғын алабындағы 107 көшенің жолы жөнделді. Сондай-ақ, Көктал, Қараөткел және Комсомол кенттерінің жолы да жаңарды. Айталық, Оң­­түстік-Шығыс тұрғын үй ала­­бындағы 28 көшеге жалпы ұзын­дығы 10260 м асфальтбетон құйылды. Қысқасы, былтыр қалада 114,5 шақырымға созылған асфальт төселді. Және 8 қиылыс пен 9 оң жаққа бұрылатын ба­ғыттар салынды.
Бүгінде қала халқының саны күн санап өсіп барады. Адам көбейгеннен кейін көлік те ұлға­йып, көшелерде кептеліс пайда болды. Сол тығырықтан шығу мақсатында былтыр Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарындағы бірқатар жұмыстар қолға алынды.
Ал биыл қаладағы 183 көшенің жолы жөнделмек. Оған шаһардың 22 магистральдық көшелері кіреді. Және 133 тұрғын үй кешендерінің жолдары да жақсарады. 28 көшеге 28,4 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан басқа, көшелердегі жолдарды дамыту үшін инженерлік желілер мен жарықтандыру жұмыстары да қолға алынған. Атап айтқанда, 37 көшеге инженерлік желі төселіп, жарықтандырылады. Сондай-ақ, Сығанақ көшесінің бойында орналасқан әлеуметтік нысандарға баратын жолдың құрылысы жалғасады. Дәл осындай жұмыстар «Құлагер» және «Шығыс» тұрғын үй кешендеріне де жүргізіледі.

АВТОБУС КӨП КҮТТІРМЕЙТІН БОЛАДЫ

Бүгінде қала тұрғындарының дені қоғамдық көлікпен жүреді. Соған байланысты бұл салаға біраз жаңғырту жұмыстары іске асты. Ол өз нәтижесін берді де. Қазірге дейін 23 маршруттың сыз­басы қайта қаралып, 415 кес­те оңтайландырылды. Былтыр жаңадан 14 маршрут қосылды. Биыл 104 жаңа экспресс-автобус тұрғындарды тасымалдауға шықты. Және олар Лесозаводтан бастап, сол жағалаудың ара­­сында жүйткиді. Сондай-ақ, жолаушыларға қоғамдық көліктің қозғалыс кестесін анықтау мүмкіндігі берілді. Адамдардың автобустарды күту жиілігі 14-тен 8 минутқа кеміді. Қазір қаладан су жаңа қоғамдық көліктерді жиі көреміз. Сөйтсек, желіде жүрген жаңа автобустардың саны 70 па­йызға жеткен. 200-ден астам ескі көліктердің қызметі тоқтаған.
Қоғамдық көліктегі жолақы мәселесі де ара-тұра сөз болатынын білеміз. 2014 жылдан бері жолақы 90 теңгеден өзгерген жоқ. Бірақ содан теңге құнсыз­данды, сұйық отын мен қосалқы бөлшектердің бағасы өсті, жүр­гізушілер мен техникалық қыз­меткерлердің жалақысы кө­те­-рілді, жылжымалы құрам жа­ңарды. Елорда басшысы кездесуде осы мәселеге байланысты үш нәрсені қадап айтты.
«Біріншіден, егер біз қоғамдық көліктің сапасын көтереміз десек, оған қаржылық жағдай жасау қажет. Мәселен, бұл салаға алдын ала есептеу бойынша жылына 10-20 млрд теңге субсидиялауға бағытталады.
Екіншіден, жаңадан сатып алынған автобустардың бәрі несиеге алынады. Сондықтан әкімдік жолақы бағасын көтермеу үшін барлық міндетті өз
жауапкершілігіне алды.
Үшіншіден, әділіне келсек, тарифтің жоғары екенін түсінеміз. Сол үшін сараптама жүргізіп, ортақ шешім табудың жолдарын қарастырып отырмыз. Астана – еліміздегі жан басына шаққандағы табысы жоғары қалалардың бірі. Бірақ соған қарамастан, біздегі жолақы құны өңірлердегі тарифтердің деңгейін ұстап отыр. Сондықтан біз 110 мыңнан астам зейнеткерге, көп балалы отбасыларға, ардагерлерге, мүгедек жандарға қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік туғыздық. Оқушыларға да 50 пайыз жеңілдік жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар осылай жалғаса береді» деген болатын.
Сонымен қатар былтырғы мамыр айынан бас қалада LRT жобасы бойынша жеңіл рельсті көліктің құрылысы басталды. Ол алдағы жылы аяқталмақ. Мұның бәрі маршрут желісін оңтайландырып, көшедегі көлік жүктемесін азайтады. Арнайы жол жүйесі заманауи жабдықтармен жабдықталған 18 жабық стан­са­дан және 19 жылжымалы құрам мен деподан тұрады. Оған электронды төлем жүйесі орнатылады. Сонымен қатар, ақпараттандыру, бейнебақылау, белгі беру жабдықтары тағы бар. Жаңа жоба аясында 93 бағдаршам жұмыс істейді. Бұл жылжымалы қозғалыс қарқынын 13 пайызға дейін арттырады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды