ЖОЛ САПАСЫН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ БАҚЫЛАЙДЫ

0 99

дорога

Биылдан бастап қалада жүргізілетін жол-құрылыс жұмыстарының сапасын шетелдік компания бақылайтын болады.

Атап айтқанда, бұл жұмысқа Bureau Veritas  халықаралық компаниясы тартылып отыр. Бұдан басқа, компания салынып жатқан нысандарда техникалық қадағалауды жүзеге асыратын барлық ұйымдарда, асфальт-бетон зауыттарда, құрылыс кәсіпорындарында ревизия жүргізеді. Сонымен қатар, компания елорда климатының талаптарына сәйкес болатын асфальт- бетонның жоғарғы қабатының құрамын іріктеу бойынша бірнеше балама әзірлейді. Соның ішінде асфальт бетонға қажетті материалдарды өндірушілерді анықтайды. Бұл ретте компания сапаны бақылау жөніндегі зертхана ашуды жоспарлап отыр.

Қаладағы  жолдар желісінің жағдайын кешенді талдау барысында жабынның жоғарғы қабатын ауыстырып, абаттандыруды қажет ететін жалпы ұзындығы 111 шақырымдық 128 көше анықталды. Бұл тізімге жетекші әлеуметтік нысандардың, атап айтқанда, балабақшалардың және ауруханалардың жолдарын абаттандыру жұмыстары кіреді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 10 =