ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРТЫЛУДА

0 126

жол құрылысы

Сенбі күні қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен жол құрылысы, қалпына келтіру және жөндеу нысандары тексерілді. Жол құрылыс компанияларының басшылары жұмыстардың барысы, кезеңдері мен сатылары бойынша есеп берді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта елордада келесі учаскелерде жаңа жолдар салынып жатыр: Бейсекова көшесі Қор­ғалжын тас жолынан Тілендиев даң­ғылына дейін; 2-ші Алматы көшесі Тілендиев даңғылынан Бейсекова көшесіне дейін; Күйші Дина көшесі Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін; Жұмабаев көшесі №14 көшеден №41а көшесіне дейін; Жұмабаев көшесі №14 кө­шеден №41а көшесіне дейін; Баян­тау кө­шесі №14 көшеден №41а көше­сіне дейін; №14 көше Қордай көше­сінен Төлебаев көшесіне дейін; Рыс­құлбеков көшесі Абылай хан даң­­ғылынан Махтұмқұли көшесіне дейін; Күйші Дина көшесі Жұмабаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін.

Сонымен қатар, мына жол учас­­келерінде жол жабынын қал­пына келтіру және жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп жатыр: Әуезов көшесінде Иманов көшесінен Молдағұлова көшесіне дейін, Тархан көшесі Жұбанов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін. Бал­қантау көшесінде Жұмабаев көше­сінен Төлебаев көшесіне дейін, сондай-ақ Республика даңғылында Сейфуллин көшесінен Гёте кө­шесіне дейін орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде.

Бүгінде аталған учаскелерде нөсерлік, тұрмыстық кәріздер жасалып, электр кабельдері тартылуда, жер жұмыстары, асфальт төсеу, қозғалыс бөлігін абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Шетелдік «Bureau Veritas» компаниясы жоғарыда аталған жолдар құрылысының барысын бақылауына алды. Жол жабынын төсеу мен материалдар шығару да осы компанияның назарында.

Еске салайық, «Bureau Veritas» – жол құрылысы саласын жетілдіру үшін арнайы тартылған француз инспекциялық-сертификаттау компаниясы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 19 =