ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

0 193

Қаламызда Қазақстан халқының бірлігі күніне, Әскери шеруге және Жеңіс күніне байланысты жол қозғалысы өзгереді. 22 және 23 сәуір күндері мен мамырдың 2-сінен 7-сіне дейінгі аралықта «Қазақ елі» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шараларға және Әскери шеруге дайындыққа байланысты жол қозғалысы шектеледі. Бұл туралы елорда  әкімдігіндегі арнайы  баспасөз  мәслихатында  ұйымдастырушылар мәлім етті.

yvfyvf

«7 мамырда «Қазақ елі» ала­ңында Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуы мен Жеңіс күніне арналған әскери парад өтеді. Биыл біз ҚР ҚК 300-ге жуық қазіргі заманғы техника түрлері мен 5000-нан аса әскери қызметкерінің және әскери қызмет ардагерлерінің қатысуымен айрықша ауқымды шара дайындап жатырмыз. Біздің басты міндет – тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген Қарулы Күштеріміздің қуаты мен жоғары мүмкіндіктерін көрсету» деді Құрлықтағы әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Дулат Адырбеков.

Осыған байланысты, 22 сә­уір­ден 5 мамырға дейін «Қазақ елі» алаңында жаттығу­лар  мен дайындық өткізу ұйым­дастырылады. Қарулы Күш­тер техникасы мен жеке құ­ра­­мының жүруіне орай 40-стан­циядан Байырқұм көше­сімен Қошқарбаев көше­сіндегі жолайрыққа дейінгі бағыт бойынша қозғалыс шек­теледі. Сондай-ақ, Қош­қарбаев көшесімен көпір жо­ лайрығынан бастап Б.Момыш ұлы даңғылына дейін, Б.Момышұлы даңғылымен Тәуелсіздік даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады. Қазақстан халқының бірлігі күні де осындай шаралар қабылданады. Тәуелсіздік даң­ғылымен қозғалыс Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін 23 сәуірден 2 мамырға дейін сағат 16.00-ден бастап шектеледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың бірнеше көшесімен қозғалыс шектеледі. Атап айт­қанда, Тәуелсіздік даңғылы, Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін, Ш.Қалдаяқов көшесі, М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Нәжімеденов көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін, Байтұрсынов көшесі, Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін, Қош­қарбаев көшесі, Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін, Б.Мо­мыш­ұлы даңғылы, Сәтбаев көшесінен Дарабоз  көшесіне дейін.

Осылайша, көлік кептеліс­терін болдырмау мақсатында шараларды ұйымдастырушылар автокөлік жүргізушілеріне 22, 23 сәуір және 2-7 мамыр күндері өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Аталған бағыттар бойынша ақылы қоғамдық автобустар жүретін болады.

Мерекелік шаралардың шарықтау шегі Жеңіс күнін мерекелеу болмақ. 9 мамырда сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін соғыс­тың жауынгерлерін еске алуға арналған «Жаужүрек полк» шеруі өтеді. Осыған байланысты, «Жау­жүрек полк» меха­низа­ция­ланған және жаяу колонна­сының өту учаскесінде Тәуелсіздік даңғылымен Қалдаяқов көшесінен Пушкин көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.

Гүлжан РАХМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =