ЖОЛ-КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРАДЫ

0 110

IMG_9844

Астананың қоғамдық көліктері 750 мың жолаушыға қызмет етеді. 2016 жылы жолаушылар саны 970 мыңға жетуі ықтимал. Сондықтан, жаңа маршруттық жүйе енгізу керек. Қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбековтің қатысумен өткен брифингте Астананың жол-көлік кешенін дамыту жан-жақты талқыланды.

Бүгінде қаламызда еуропалық «Typsa»   компа­ниясының жобасы сынақтан өтуде. Белгілі бол­ғандай, автобустардың жұмысын қадағалайтын екі коммуналдық парк салыну жоспарлануда. Алғашқы автопарктің құрылысы мамыр айында басталса, екіншісі  ағымдағы жылдың екінші жартысында жүзеге аспақ.  Сонымен қатар, жүргізушілердің біліктілігін арттыратын арнаулы орталық 30 сәуір күні іске қосылатын болады.

«Астана LRT»  ЖШС-ның басқарма төрағасы Талғат Арданның айтуынша, бас қалада 271 мың көлік тіркелген. Бұдан бөлек, күн сайын елордаға келетін 100 мың көлік бар. «Осының бәрін кеп­теліссіз әрі қауіпсіз реттейтін ортақ жүйе енгізу жоспарланған. Бұл бағыттағы ITS жобасы тап­тырмас шешім. 2019 жылға дейін 402 жол қиы­лысындағы көлік қозғалысын реттеу, бақылау бір жүйеге келтірілмек» дейді ол.

Ал, ITS жобасы, елорданың қоғамдық көлік­терін дамыту мен жол мәселелері жөнінде толығырақ материалды газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − twenty =