«Жол картасымен» жұмыс тапты

0 58

Нұр-Сұлтан қаласы – «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру бойынша көшбасшы орында. Биыл елордада ЖҚЖК бойынша 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған болса, жол картасы аясында елордада мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар мен көлік-инженерлік инфрақұрылым жөнделді. Бір аурухана мен екі емхана күрделі жөндеуден өтті. Білім беру саласында 10 балабақша, 10 мектеп, 5 ұйым жаңартылды.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 1600-ге жуық адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 8133 адам, мердігерлер арқылы 7826 адам жұмысқа орналастырылды. 1500-ге жуық адам тұрақты жұмыс тапты. Атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты жалақы көлемі – 85000 теңгеден 250000 теңге аралығында.
Сондай-ақ, ЖҚЖК аясында № 49 орта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2005 жылы 1300 балаға арналған мекеме пайдалануға берілді. «Индустрой-2» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарына 98 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 47 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =