Жол картасымен жұмыс тапты

0 11

Қазір не көп, бағдарлама көп. Бірақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» атты бағдарламаның жөні бөлек. Бүгінге дейін бағдарлама бойынша 15 572 елорда тұрғыны нәпақасын тапты. Қала басшылығы еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасауды, жұмысқа орналасуға көмектесуді басымдыққа алып отыр. Бұл ұстаным Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы тиіс» деген саясатымен толық үндеседі.

Елордада Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруда биыл жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Бағдарлама аясында қазір Нұр-Сұлтан қаласында 15 572 адам жұмыс істеуде. Оның 7 910-ы – Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапқандар. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде айтылды.

Аталған орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, Жол картасымен құрылысшы, сантехник, дәнекерлеу­ші, клинингтік қызмет көрсетушілер, ауыр жүк көліктері мен жүк көтергіш жүргізушілері, жол жөндеу­ші, аспаз, есепші, бетоншы, техникалық сатып алулар бойынша маман, инженер, электрик жұмысқа орналасыпты. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, құрылысы тоқтап тұрған көп қабатты тұрғын үйлер жөнделіп, инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға күрделі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ көгалдандыру, абаттандыру бойынша құрылыс саласына қатысты бос жұмыс орындары ұсынылады.
Биыл елордада 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 45 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Осы жобаларды жүзеге асырған мердігер мекемелерде 1 469 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының келесі жылға арналған жобасы 1 желтоқсанға дейін әзірленуі тиіс. Оны Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесе жүзеге асырады. Бағдарламаға қатысушылар 85 000-250 000 теңге көлеміне жалақы алады. Ол жұмыскердің қызметі мен атқарған жұмысына байланысты тағайындалады. Жол картасы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz порталында жарияланады. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» ІО-да орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − two =