Жол бер – өміріңді сақта!

0 60

«Жол бер – өміріңді сақта!» тақырыбымен өткен рейд барысында жедел жәрдем көлігі қала көшелерін дабыл белгісімен жүріп өтті. Артында келе жатқан жедел жәрдем көлігін байқамаған, дабылын естімеген жүргізушілер кездеспеді.

Аталған акция республикалық деңгейде өткізіліп жатыр. Жедел жәрдем көлігі шақырылған жерге 15 минутта жетуі керек. Бірақ көлік кептелісі мен жүргізушілердің жол бермеуі кесірінен алғашқы көмек көрсетушілер жарты сағатқа дейін кешігеді. Жедел жәрдем көлігін тізгіндеген жүргізушілер болса, жол ережесін бұзып, қарсы бетпен жүретін кездер жиі болады дейді. Осы орайда «Адалдық алаңы» жобасы аясында жобалық кеңсе, полиция департаменті, медицина қызметкерлері қала көшелеріне дәрігерлерге жол бермейтін жүргізушілерді анықтау мақсатында рейдке шықты. Акцияның негізгі мақсаты – адам өміріне араша түсуге асыққан ақ халаттылардың жолын кес-кестеп, кедергі жасайтын көлік иелерін жауапкершілікке тарту.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 11 =