ЖОҒАЛҒАН ЗАТТАРДЫ ТАУЫП БЕРЕДІ

3 447

7437144e4c80d322874b95c8a09a9721_med

Астана қаласы Ішкі істер департаментіне қарасты Ақпараттық-аналитикалық орталық жанынан Табылған заттар бюросы ашылды. Бұдан былай елордалық азаматтар жолшыбай жоғалтып алған құжаттарын сол мекемеден табуына болады.

Бюро қызметкерлерінің негізгі қызметі – заңды және жеке тұлғалардың жоғалған құжаттары мен заттарын қабылдау, тіркеу, беру және сақтау.

Әрбір келіп түскен құжаттар мен заттар тіркеу журналына жазылады. Содан кейін арнаулы сейфте сақталады. Құжат иелерін тез арада анықтау үшін табылған заттардың деректемелері ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне жолданады екен.

Табылған заттар бюросының операторы Анар Хабайдың айтуынша, бүгінде елуден астам адамның құжаты табылған. Олардың ішінде түрлі сенімхаттар, әскери билет, дип­лом, сақтандыру картасы, банк есепшоты, аттестат, тұрғын үйге тіркеу кітабы, жеке куәлік пен паспорт, жүргізуші куәлігі, пәтер құжаты, сату-сатып алу келісімі, неке куәлігі бар. Тіпті, Қайрат есімді азаматтың оннан астам құжаты осында жатыр екен.

«Табылған заттар бюросына радио­ак­тив­тік және жарылғыш заттар, әсері күшті уларды, қару жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау үшін қабылдауға тыйым салынады. Астана қаласы аумағынан табылған құжаттар тізімі департаменттің электронды сайтында да жарияланады. Бюро жүйелі түрде жаңар­ты­лып отырады» дейді оператор Анар Хабай.

Құжаттардың сақталу мерзіміне келсек, бюроға түскен күннен бастап бір жыл. Ал, тіркеу журналының сақталу мерзімі үш жылды құрайды. Табылған құжаттар мен заттарды қайтару меншік иесінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Өтініште табылған зат иесінің осы затқа құқын растайтын белгілері мен басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

Енді құжатын жоғалтқан кез келген азамат Сауран көшесі 7-үй мекенжайында орналасқан Табылған заттар бюросының 71-60-32 байланыс телефонына хабарласып, құжатының бар-жоқтығын біле алады.

 

  1. Ержан :

    Қарағанды қаласында бөлімдеріңіз бар ма жеке куәлік тауып алған едім. Көмек керек 87021101949

  2. Талгат :

    Оставил на такси красную папку внутри диплом атистат трудавая книжка корочки и несколько справок машина белого света некси 12 мая ночью 22 00_23 00 Прагу вернуть за вознаграждения Талгат Маханов Жангельдинович 87013836044

  3. Берикбол :

    Ассалаумагалейкум Аукалиев Берикбол Марланович есимим удв. Лич. Права жумыска киретин турникетим Партмане ишинде кетти бари табкан болсаныз Рахметимди айтамын

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − three =