Жобалар жүзеге асты

0 21

Nur Otan партиясы елордалық филиалының 2021 жылға арналған жобаларды тарту бағдарламасының жол картасы бойынша жоспары асыра орындалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов хабарлады.Оның айтуынша, сайлау алдындағы уәдеге сәйкес 5 жыл ішінде 400 жаңа жобаны тарту жоспарлануда. Соның 25 жобасы биыл тартылады. Бүгінгі таңда 110,5 млрд теңге сомасына 34 жоба қолдау тапты. Соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жылыжай), оқу, спорт және медицина орталықтарын құру, өндірістік жобалар, сауда нысандары мен тұрғын үй салу жөніндегі жобалар бар. Келесі жылы – 50, 2023 жылы – 75, 2024 жылы – 100 және 2025 жылы 150 жобаны тарту жоспарлануда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + two =