Жиырма жылдыққа тарту

0 202

Елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты Мәдениет және спорт министрлігі Астана төрінде өтетін іс-шараларды бекітті. Мерейтойдың құрметіне орай рес­публикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық шара өткізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, «Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» атты халықаралық мәдени имидждік жоба аясында әлемнің атақты 20 астанасының құттықтауы таныстырылмақ. Сонымен қатар, «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірге Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты операсын, «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал «Notre Dame de Paris» мюзиклін және «Астана – менің бақытым» атты телевизиялық фильмнің таныстырылымы болады.
Мереке аясында түрлі көрмелер де ұйымдастырылмақ. Мәселен, Третьяков галереясының коллекциясы, «Ұлы Моғолдар. Тарих артефакттары», Францияның Ұлттық музейлерінің бірлескен жиыны – Гранд-Пале, «100 оқулықтағы әлем тарихы» көрмелері ел назарына ұсынылады. Азия жұлдыздарының қатысуымен «Voice of Astana» халықаралық фестивалі, АҚШ, Польша, Нидерланды және Қытай елінің ең үздік балеттік труппаларының қатысуымен ұйымдастырылатын «Eurasian Dance Festival» және Испания, Ресей, Франция, Италия елдерінің театрларының қатысуымен ІІ бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалі, заманауи этникалық музыка мен биді паш ететін «The Spirit of the Dance» фестивалі және тағы басқа қызықты шаралар қала тұрғындарын қуантатыны сөзсіз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 5 =