Жиын орындары белгіленді

0 52

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ орындарды немесе жүру маршрутын белгіледі. Құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды.Аталған құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр.
Біріншісі – аумағы 4 380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.
Екіншісі – мың адам сыятын, аумағы 2 064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң.
Үшіншісі – аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы,
Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды.
Шеру өткізуге арналған төртінші бағыттың ұзындығы – 2055 метр. Бағыт Абай даңғылы мен Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесіне дейін жалғасады. Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + 4 =