Жинағына әркімнің бар таласы…

0 36

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету мәселесі қарастырылды. Келесі жылдан бастап БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін оны алу құқығы беріледі.

Жинақтың бір бөлігін бұрын жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни БЖЗҚ жарналары бар, зейнет жасына жеткен кісілер, егер оларда жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, олар сол қаражаттың 50 пайызына дейін ала алады. Сонымен қатар зейнетақы аннуитетті реттеген азаматтар, егер олар жинақтаушы, мына сақтандыру қорына аударғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорында қаражаты қалған болса, оларды толығымен алуға болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдерінің мәліметінше, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше жолы бар. Алайда қор өкілдері еліміздегі карантин режиміне байланысты бұл қызметті онлайн алуға шақырады. Ол үшін БЖЗҚ веб-сайтында «Жеке кабинетке» немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасына логин мен құпия сөзді яки болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып кіріп, қажет ақпаратты таңдап алыңыз. Электрондық цифрлық қолтаңбаны egov.kz сайты арқылы қашықтан алуға болады. Егер сайт немесе ұялы қосымша арқылы кіре алмасаңыз кезекші қызметкерлерге хабарласып, осы мәселені түсіндіруге болады. Қазақстан бойынша кезекші қызметкерлердің тізімі enpf.kz сайтында «Байланыс» бөлімінде орналасқан. Зейнетақы жинағыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты алудың басқа жолдары да бар, бірақ олар уақытша қол жетімсіз. Дегенмен, карантин режимі аяқталған соң, қызметті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кез келген кеңсесіне келіп алуға болады. Егер зейнетақы шотындағы қаржыны пошта немесе электронды пошта арқылы бақылап отырғыңыз келсе, БЖЗҚ бөлімшесіне келіп, алдын ала қосымша келісімшарт жасасу қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + seven =