Жинағын емге қия ма?

0 52

Басқа баспана, шотқа несие жабуға ақша да керек. Дегенмен бірінші байлық бәрінен маңызды дегендерге Үкімет былтырғы қаулыға сәйкес Зейнетақы қорындағы қаржысын өзі мен жақындарының еміне пайдалануға мүмкіндік берді. Халық арасында осы мүмкіндікті пайдалануды көздегендер үй алуға ұмтылғандардай көп бола ма, белгісіз. Себебі «Отбасы банкіне» емге байланысты өтінімдер қабылдау 25 ақпанда басталады.

Жалпы Біржолғы зейнетақы төлемдерін емге пайдалану туралы бұйрық биыл 15 ақпанда бекітіліп, 17 ақпанда Әділет министрлігінде тіркелді. Өткен жұма Денсаулық сақтау министрлігіндегілер зейнет­ақы қорынан алынған қаражатты азаматтар қандай емге жұмсай алатынын халыққа түсіндірді.

Қандай емге жұмсай аласыз?

Сала министрлігі бекіткен зейнетақы жинағын пайдалануға болатын медициналық қызметтер тізбесіне сай азаматтар қордағы артық қаржысын 8 түрлі ем бойынша медициналық қызметтерге жұмсай алады. Атап айтқанда, орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер, Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, оның ішінде тісті протездеу және имплантация, операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары, радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық емдеу, протон терапиясы, офтальмологиялық қызметтер жатады. Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

Өтінім беру жолдары

Денсаулығын түзетуді ойлаған азаматтар алдымен БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы біржолғы зейнетақы сомасын анықтауы қажет. Егер қордағы сома жеткілікті болса, онда азамат тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, дәрігерлік комиссияның біржолғы зейнет­ақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындысын алады. Дәрігерлік комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы не медициналық көрсеткіш болмаған жағдайда бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қорытынды дәрігерлік комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.
Медициналық комиссия рұқсат еткен жағдайда өтініш беруші медициналық ұйымды таңдап, шарт жасасуы қажет. Содан кейін, ЭЦҚ көмегімен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында өзінің жеке кабинетін ашып, онда сомасын, пайдалану мақсатын көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтінішті толтыру, дәрігерлік комиссия қорытындысының сканерленген көшірмелерін, медициналық ұйыммен емдеу туралы шартты бекітіп және өзінің ЭЦҚ-мен куәландыру қажет. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын өтініш берушінің уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына аударады.

Қолдан ұрықтандыруға төленбейді

Қаңтардың соңында «Отбасы банк» өкілдері қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасы үшін пайдалануға рұқсат беріледі деп сүйіншілеп еді. Бірақ кешегі соңғы бұйрық бойынша жинақты емге пайдалану тізімінен қолдан ұрықтандыруға қаржыны пайдалануға мүмкіндік беретін «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деген қызметті көре алмадық. Артынан банк баспасөз қызметіндегілер бұл ұсынысты Денсаулық сақтау министрлігі алып тастағанын нақты айтты. «Наурыздың басында шетелдік медициналық мекемелермен де жұмыс жүргізіледі. Яғни қордағы қаржыны өзге мемлекетте емделу үшін жұмсауға мүмкіндік болады. Тек стоматологиялық ем-дом ғана елде жүргізіледі. Ал басқа ауру түрлеріне, жасанды жолмен ұрықтандыруға әзір қордағы қаржыны алу мүмкін емес. Себебі биыл бұған 7 мың квота бөлінген, – деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы

Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы жеткілікті болса, оны бірнеше рет түрлі ауруға пайдалануға болады. Сондай-ақ емделетін мекемені өтініш беруші өзі таңдайды, тек көрсететін қызметке медициналық орталықтың лицензиясы болуы керек. Бұл тізімге емі қымбат ауру түрлері енгізілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 9 =