«Жігер» сыйлығы тағайындалды

0 111

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын тағайындады.Шығармашылық сыйлықтың басты мақсаты – ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу және талантты жас журналистерді тану, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына жәрдем беру.
Сыйлық иегерлері әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ-сюжет; әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала; әлеу­меттік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі); әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет тақырыптарында – 4 номинация бойынша анықталады.
Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады. Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.
Үміткерлерден өтініштер 2020 жылғы 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) алуға болады.
«Жігер» сыйлығының алғашқы иегерлері биылғы Журналистер күнінде марапатталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + five =