Жеткіншектер желмен жарысты

0 14

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті.Халықаралық балаларды қорғау күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты.
Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты жүріп өтті. Жарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды. №6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушыларына велосипедке арналған бас киімдер тапсырылды.
Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 4 =