Жеті жыл күттірген қуаныш

0 35

Кеше елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің бірінің құрылысы аяқталды. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді.

«Бүгін – «Зере-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үшін қуанышты күн! Мереке қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталды. «Зере-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу бойынша соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді. Біз жұмысқа кіріскенде үйдің қаңқасы ғана тұр еді. Бірінші кезекте үй мен инженерлік желілердің барлық жобалық-сметалық құжаттамасын дайындадық. Тұрғын үй кешені су, электр, жылу, кәріз сияқты инженерлік желілерге қосылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің сыртқы беті бойынша жұмыстар жүргізілді, терезелер, лифтілер, есіктер және т.б. орнатылды. Көктемде абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырдым» деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасына.
Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бері) құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 2 есе азайды. Биыл қала әкімдігі тағы 7 мың үлескерге пәтер кілттерін беруді жоспарлап отыр. Осылайша үлескерлер көптен күткен қоныс тойын тойлап, қуанышқа кенелер сәт алыс емес.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 13 =