…ЖЕТІ ЖҰМАҚ ЕСІК АШАДЫ

0 29

Елордадағы кәсіптік-техникалық колледжде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен аталған оқу орны бірлесіп ұйымдастырған «Жетім ерге – ел пана» атты кездесу өтті.

қаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Жастар саясаты мәселелері басқармасы жүзеге асырып отыр­ған «Интернаттан кейінгі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді бейімдеу және қолдау» жобасының өзекті мәселелерін талқылап, оған қоғам назарын аударуды көздейді.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, аталмыш жобаға 18 бен 29 жастағы жастар қамтылған.
«Өйткені бұған дейінгі балалар толық мемлекеттің қарауында болады. Одан кейін жастар қоғамға өз бетінше аттанады. Дәл осы кезде оларға мемлекет, қоғам тарапынан ортаға бейімдеу, қосымша қолдау қажет. Біз жоба аясында ата-ананың қамқорлығынан тыс қалған жастардың әлеуметтік портретін жасап, қажеттілігін анықтадық. Әрине, оның ішінде тұрғын үй, білім алу, жұмыспен қамту деген маңызды мәселені айтуға болады. Оған қосымша жастардың өз-өзін шығармашылық жолда дамыту, қабілетін жетілдіру де бар» деді ол.
Жалпы кездесу пікір алмасу форматында өтті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кәсіпті қалай бастауға болады, ол үшін тегін оқыту, шеберлік сабақтары бар екендігін айтып, Ұлттық палата жүзеге асырған бағдарламаларды мысалға келтірді. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік грант туралы да айтылды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» орталық филиалының маманы осы санаттағы жастар баспанаға қалай қол жеткізудің жолын түсіндірсе, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмысқа тұрудың мән-жайын жеткізді.
Сондай-ақ «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет қоғамдағы әкелердің рөліне тоқталып, жастарға мамандық таңдаудың қыр-сырын айтты.
«Біздің бірлестік осыдан сегіз жыл бұрын құрылып, қазір үлкен ұйымға айналды. Әкелер кеңесі жұмыс істейді. Биыл астанада бесінші әкелер форумы өтті. Біз, негізі, балалар үшін құрылдық, солардың құқын қорғаймыз. Байқасақ, қоғамда әкелердің проблемасы да жетеді. Қазір елімізде 70 мыңнан астам жалғыз­басты әке бар. Біз мемлекеттік ұйым емеспіз, бірақ әкелердің мәселесін қоғамға, билік орындарына жеткізуді көздейміз» деді бірлестік төрағасы. Жиынға қатысқан жастар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Халқымызда «Жердегі бір жетімнің маңдайынан сипасаң, жеті жұмақ есік ашады» деген қасиетті сөз бар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді қолдау, көмектесу ешқашан назардан тыс қалмай, қайта оларға жағдай көбірек жасалса екен деп ойлаймыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − fourteen =