ЖЕТІ КҮННІҢ ЖЕТІСТІГІ МЕН ӨКІНІШІ

0 114

Тамаша жұдырықтасқан Данияр

Бокс біздің елде нөмірі бірінші спорт түрі саналаты,былғары қолғап шеберлерінен бастауды жөн көрдік.

Алғашқы болып 56 келі салмақта Қанат Әбутәліпов сириялық Виссам Саламанамен шеберлік байқасып, 15:7 есебімен жеңді. Шыны керек, Қанат соншалықты керемет өнер көрсеткен жоқ, сәл ғана артықшылық байқатқаны болмаса. Көптеген қателіктер жіберді. Ең ауыры сол, қателіктерді келесі айналымда да жөндей алмай, ирландиялық Джон Джо Невиннен 15:10 есебімен ұтылып қалды. Данабек Сужанов та өзінің а л ға ш қ ы жекпе-жегінде Олимпиада, әлем біріншіліктерінің жүлдегері үндіс Вижендер Сингхке қауқар көрсете алмады. Есеп 10:14.

Келесі күні Ғани Жайлауов тайландтық Сайлом Ардеемен шаршы алаңға шығып 12:12 есебімен тең түсті. Қосымша көрсеткіштерді есепке алғанда Ғани тайлықтан сәл ғана артық өнер көрсетіп, әупіріммен жеңіске жетті. Бірақ бұл жігіт ширек финалға апарар жолда үнділік Джай Бхагванға 16:8 есебімен тәуір қарсылық көрсетіп, Данабектің есесін қайтарды. Одан кейін астаналық Ілияс Сүлейменов Саломо Нтувені 13:8 есебімен тізе бүктірді. Өзінен әлдеқайда бойшаң болғанымен, швед боксшысының тәжірибесі аз екені көрініп тұрды.

…Ертеңгілік Біржан Жақыпов француз Жереми Беккуден жеңісті жұлып алды.

Бірінші итжығыс түсіп, екінші ұтылып, үшінші раундта қорытынды есепті 18:17 қылып, әрең дегенде Біржан французды тізерлете алды. Әйткенмен, Біржан Зоу Ш мингке де осындай тактика ұстанатын болса жүлдесіз қалуы мүмкін. Сол күні Данияр Елеусінов америкалық Джамал Херрингті 19:9 есебімен айқын жеңді.

Алғашқы айналымда ел боксшыларының ішінде тамаша жұдырықтасқан Данияр болды. Сонымен қатар аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да қарсыласы неміс Эрик Пфайперді жүндей түтті. Бір рет нокдаунға да түсіре алды. Есеп 14:4. Ал соңғы әлем біріншілігінің жүлдегерлері Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов бірден екінші айналымнан бастайды.

 Қайсар қыздар алтынға қарық қылды

Ауыр атлетика Лондонда дәл қазіргі таңда 2 бірдей алтын сыйлады. Және қандай алтындар десеңші?! Алексей Ни мен Энвер Түркелеридің шәкірттері Майя Манеза мен Зулфия Чиншанло ауыр атлеттер бәсекеге түсетін ≪Эксел≫ аренада дәл қазіргі таңда Қазақстанның беделін биіктетіп қойды.

Олай дейтініміз, екі қыз басты қарсыластарын шаңына да ілестірген жоқ. Тіпті, Манеза ресейлік Царукаеваны 8 ұпайға артқа тастады.

Екеуі де рекорд жаңартты. Бұдан артық қандай қуаныш керек! 19 жасар Анна Нұрмұхамбетованың төрешілер 2 ұпайын тартып алмағанда, қазақ қызы да бір жүлдеге ілінер ме еді?.. Бірақ 19 жасар Анна үшін бәрі де алда. Оның үстіне жарыс жолына шықпаған Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен 2 дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедовалардан да жүлде күтеміз.

 Александр абыроймен кетеді

 

Біреу сенер, біреу сенбес, шайтанарбаны ерттеген қазақ спортшылары Қазақстанға бір алтын сыйлады. Ал оны сыйлаған – 38 жастағы Александр Винокуров. Саша Олимпиада алдында ≪Лондоннан кейін спорттан кетемін≫ деген. Енді спорттан әдемі кетуіне тамаша мүмкіндік жасалды. Александрдың спорттық өмірбаянына қарап отырсақ, к ө р меген қ и ы н ды ғ ы жоқ. Жолын кесіп, д о п и н г пайдаланды деп спорттан қуды, қайта келгенде ьөте ауыр жарақат алып, ота жасалды. Спорттан кетпекші де болды. Бірақ Саша велосипедін тастай алмады.

Тур де Франсты алды, Джиро д Италияны алды, Олимпиаданың күмісін де қанжығалады, алтыны ғана жетпей тұр еді осы доданың, енді, міне, кетем деген кезінде, қырыққа таяп қалғанда Олимпиада алтыны еріксіз бұл жігітке басын иді.

Дзюдошылар жерге қаратты

Басқа спорт түрлеріне келетін болсақ, ешқайсысы да біздің үмітімізді ақтай алмауда. Әсіресе, дзюдошылар! 2-3 медаль алады деген 9 балуанның ішінен біреуі ғана қалды. Қалғандары алтын алады деген Максим Раковтан бастап қарсыластарынан тас-талқан болып ұтылып қалды. Ислам Бозбаев қана 2 айналымнан өтіп, с о ң ғ ы сында Олимпиада чемпионы неміс балуанына лайықты қарсылық көрсете алды.

Соңғы үмітіміз – Гүлжан Исанова мен Ержан Шинкеев те қарсыластарынан жеңіліс тапты. Осылайша татами тарландары елге ≪қызарып≫ қайтпақ. Семсерлесудің шеберлері де қарсыластарынан оңбай ұтылды. Жүзгіштердің де бәсекелестеріне қауқар көрсеткені шамалы. Мергендер нысананы көздей алмай, жігерді құм қылуда. Су добынан барған Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатысудың өзін ерлік санайтын секілді.

Теннисшілер мен ескекшілердің жүлдеге таласа алмайтыны әу бастан- ақ белгіліболған.

Үкілі үмітт ер үзілген жоқ

Қазақстан құрамасының қазіргі қарқыны жаман емес. Алғашқы жеті күнде 3 алтын! Мұндай жетістік бұрын-соңды болған емес. Тіпті, алғашқы күндері 4-орынға көтерілген. Қазір үздік ондықтың қатарында. Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Олимпиаданың алғашқы екі күнінде екі алтын алғанының алды осы. Тіпті, Афины Олимпиадасында алтынды аңсап, Олимпиаданың жабылуытаяп қалған сәтте Бақтияр Артаев намысқа тырысып, қоржынға жалғыз алтын түскен еді. Оның үстіне әлі жарыс жолына шықпаған балуандар, таэквандошылар, жеңіл атлеттер және бар.

Боксшылар да әлі тиісті еншілерін алған жоқ. Ауыр  атлеттеріміздің арасында да 3 бірдей көзір бар.

Сондықтан сыңғырлаған сап алтындар, жалт-жұлт еткен күмістер мен қолалар әкелетін атлеттер соңғы сөзін айтқан жоқ деп есептейміз.

Лондон тарихқа не берді?

Олимпиаданың 18 жүлдесіненшілеген көркем гимнастшы Лариса Латынинаның 48 жылғы рекордын бұзды. Бұзған – америкалық алтын балық Майкл Фелпс. 16 алтын, 2 күміс, 2 қола еншілеген Майкл Фелпс тарихта қалды. 16 жасар қытайлық ару, жүзгіш Е.Шивень ерлердің жарысын ұтқан Райан Лохтеның нәтижесінен асып түсті. Допингтің арқасында осындай нәтижеге жеткен деп ойлаған мамандар қытайлықтың ағзасында тыйым салынған дәрінің мүлде жоқ екеніне таң қалуда. Өз кезегінде зілтемірші қазақстандықтар Майя Манеза қос жаттығу және серпе көтеру бойынша Олимпиада рекордын, Зульфия Чиншало серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

 Нұрымжан АЯПБЕРГЕН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 16 =