ЖЕРТӨЛЕ МАСАЛАРЫ МАЗАНЫ АЛСА…

0 155

комар

Бүгінде Астанада күн жылына су басып кететін 100-ден астам жертөле бар. Қар ери бастаса, осы жертөлелерге лай сумен бірге шыбын-шіркей де үймелегіш. Мұнда алдымен жететін – масалар.

Тұрғындардың берекесін алатын жертөле масаларымен жыл бойы күрес жүргізіледі. Бірақ  көктем келе, бұл жәндіктерден мезі болған жұршылықтың шағымы да көбейе түседі. Алматы мен Сарыарқа аудандары бойынша 70 үйдің жертөлесі суға толып кетеді. Оған жауапты ПИК-тер дер кезінде шара қолдануға асықпайды. Тіпті, тұрғындардың шағымын құлағына ілмейтіндер де бар. Айталық, «Нұргүл», «Уют-2008», «Шолпан», «Уют-3», «Нұр-Жеңіс», «Сұлтан», «Ақбұлақ А»,  «Арай-2», «Кожабекова» ЖК, «Кизатов», «Батыр-КСВ» ЖШС сынды пәтер иелерінің кооперативтері елдің арызын елемей отыр.

Жалпы қала аумағында жер­төле масаларына қарсы өңдеу жұмыстарын уақытында өткізбеу ашық аумақтарда масалардың санының көбеюіне әкеліп соғады. Бұл жәндікке көпшілік аса мән бермегенімен, ол түрлі вирустарды тасымалдаушы болып табылады.
Маса ағзасында түрлі вирустар бір­неше күннен бірнеше айларға дейін өмір сүреді. Көп вирустар маса ағзасында «қыстап», көктемде жән­дік қауіпті тасымалдаушыға айналады. Ал кейбір вирустар масалардың бір ұрпағынан екінші ұрпағына жұ­мыртқалары арқылы беріліп отырады. Сондықтан масалар тұр­ғындардың мазасын қашырмау үшін ПИК-тер өз қаржысы есебінен алдын-алу шараларын ұйымдастыруға келісім-шарт жасауға тиіс. Жертөле масаларын жою және сол төңіректі өңдеу жұмыстарын арнайы рұқсат қағазы бар ұйымдар ғана жүргізе алады.

Масаларды жою жұмыстары биыл сәуір мен қыркүйек айлары аралығында жүргізілетінін естеріңізге саламыз. Осы шараларды өткізуге ПИК басшы­ла­рынан талап еткендеріңіз жөн. Өйткені бұл ең алдымен сіз­дер­дің денсаулықтарыңыз бен жайлы өміріңіз үшін жасалады. Егер тұрғын үйлер мен өндіріс ошақтарында қажетті санитарлық –гигиеналық жағдайлар сақ­тал­маса, масалардан жыл бойы арыла алмауыңыз мүмкін. Осы­ған байланысты қандай да бір сауалдарыңыз болса, мына теле­фонға хабарласуыңызға болады: 316 – 017

Нағима ШАТАЕВА,

Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
бөлімі бастығы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 1 =