ЖЕРЛЕС СТУДЕНТТЕР – ЖҮЛДЕГЕРЛЕР САПЫНДА

0 80

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында тұңғыш рет қазақ тілінде пікірсайыстан республикалық турнир өтіп, елордалық студент жастар жүлделі қайтты.

Петропавл қаласында өткен турнирді ұйымдастырушылар «СҚО студенттер альянсы» жастар қоғам­дық бірлестігі мен «Азаматтық бастамаларды дамыту институты» болып табылады. Мұндай ауқымды турнирге көршілес Ресей астанасы – Мәскеуден де пікірсайысшылар келіп бақтарын сынады. Сонымен қатар, бұл турнирден Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау қалаларының да сөзге шебер жастары тыс қалмады. Турнир Елбасы Жолдауына қатысты зияткерлік және шығар­ма­шылық әлеуеттерін анықтауға бағыт­тал­ған студенттердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жастар арасында белсенді азамат­тық позицияны қалыптастыруды мақсат тұтқан.

Турнир бағдарламасы бойынша алғашқы күні жан-жақтан келген қатысушыларға Абылай хан резиденциясы, мұражай, Петропавл қаласы оранжереясы, т.б. қаланың айтулы нысандарын таныстырып, қонақ­тарға құрмет көрсетілді.

Барлығы елуге жуық үміткер қатысқан турнир 6-сәуір күні өз мәресіне жетті. Сонымен қатар, ақтық мәреде Петропавл қаласында қазақ тілін жан-жақты нығайту мәселесі талқыланды. Бәйге қорытындысында 1-орынды мәскеулік Олжас Тұрсынбаев пен қарағандылық Данияр Бибасар алса, 2-орынды астаналық жастар – Абылай Құрметұлы мен Бақытжан Тұрсынов иелік етті. 3-орынға Жеткер Ықылас мен Жандәулет Әбдіғалиев есімді елордалық студенттер шықты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − one =