Жер телімдері не үшін алынады?

0 88

Елорданың жобалық көшелерінің біріне мемлекет қайраткері Николай Макиевскийдің есімін беру ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы ономастика комиссиясы бұл ұсынысты мақұлдады. Қалалық мәслихаттың көпшілік тыңдауларында аталмыш ұсыныспен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев таныстырды.Николай Макиевский көп жыл құрылыс саласында еңбектенді. Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды.
– 1997 жылы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге байланысты республикалық жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарын көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссияны Николай Макиевский басқарды. Атқарған қызметі үшін «Парасат» орденімен және көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды, – деді Т. Қышқашбаев. Қалалық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Артынша мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтіп, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесі қаралды. Онда Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Құлбаев баяндама жасады.
Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысында жапсарлас орналасқан үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №6/1 және №8 үйлердің аумағы мен К. Күмісбеков көшесі, №7, №7/1 үйлердің ауданы абаттандырылады. Қарасай батыр және Бұланты көшелерінің қиылысында мектеп құрылысы жүргізіледі. Ш. Уәлиханов көшесінен Ш. Жиенқұлова көшесіне дейінгі учаскеде Ы. Дүкенұлы көшесі салынады. К. Күмісбеков және Ш. Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтереді. Жер телімдері осы мақсаттарда мемлекет мұқтаждығы үшін алынбақ.
Жер телімдерінің меншік иелері онлайн режимінде тұрақты комиссияның отырысына қатысуға шақырылды. Олар өтемақы сомасымен танысқандарын және уәкілетті орган мен мәслихатқа наразылықтары жоқ екенін растады. Енді бұл мәселе мәслихаттың сессиясында қаралып, өтемақы содан соң беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =