Жер кезегіне тұрғандардың саны 100 мыңға жуықтады

1 359

Төлеуғазы НҰРКЕНОВ,  Жер қатынастары басқармасының бастығы:

– Төлеуғазы Қамашұлы, қазір­гі­ күні Астана қаласында жер телі­­мін­ алу­ ке­зе­гін­де қанша адам­­ тұр?
– Астана елорда болғандықтан хал­қы­ның­ са­ны күрт көбейді. Бұл­ жер­ ке­зе­гі­не де айтарлықтай әс­ер­ ет­ті. Бүгінде жеке тұрғын үй құ­ры­лы­сын­ са­лу­ға жер телімін ал­ғы­сы келетіндердің саны қала мүм­кін­ді­гі­нен 6-7 есеге артып кетіп отыр. Қазіргі күні кезекте тұрғандардың саны 100 мыңға жуықтады. Соның 1767-сі – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтар.

– Жалпы соңғы рет Астанада жер телімі қашан беріліп еді?
– Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатындағы жер телім­де­рі соңғы рет 2007 жылдың ма­мыр­­ ай­ын­да берілген. Барлығы да­­ заң­ға сәйкес, Ұлы Отан соғысы ар­да­гер­ле­рі мен оған теңестірілген аза­мат­тар­ға кезек бойынша үлес­ті­ріл­­ді. Бөлінген жер телімінің саны – 1 120. Содан бері ешкімге жер телімдері берілген емес.

– Елордада жеке тұрғын үй құ­ры­лысын тұрғызуға жер те­лім­де­рін алу баспанадан кейінгі өзекті мәселенің бірі болып отыр.­ Жер телімдерін берудің тоқ­та­ты­луын немен түсіндірер едіңіз?
– Расымен де бүгінгі күні Астана­да­ жер телімдерін алу да, беру де өзек­ті болып тұр. Жер телімін бе­ру­дің де құзыретті органдар бекіт­кен­ өзіндік тәртібі, заңдық нормалары бар. Телімдерді бөлу тәртібі тек Қазақстан Республикасы Үкі­ме­ті­нің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Ереже бой­ын­ша,­ азаматтарға берілетін жер­ те­лім­дері тиісті және қажетті ин­же­нер­лік инфрақұрылымдармен қам­тамасыз етілген, беруге лайық алаң­дар болған жағдайда ғана бө­­лі­­не­ді. Адамның қолайлы өмір­ сү­руі­не лайықталмаған, яғ­ни­ жо­лы­,­ суы жоқ, жарығы тар­тыл­ма­ған өңірден жеке тұрғын үй құры­лы­сын­ тұр­ғы­зуға жер бөлу – заң шең­бе­рі­не сыймайды. Астанада бос­ жер телімі жоқ дейтініміз де сон­дық­тан. Кейде халық ұзақ уа­қыт­ бос тұрған жерді көрсе, ол иесіз деген ой түйеді. Шынтуайтында, олай емес.

– Алайда жерді пайдаланамын немесе жеке үй тұрғызамын деп телім алып, оны ұзақ уақыт бойы игермей келе жатқан азаматтар да бар ғой…
– Иә, жекенің иелігіне берілсе де ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан жер телімдері бар. Осыған байланысты былтыр Президент бірқатар мемлекеттік органдарға жерлерді түгендеу жөнінде арнайы тапсырма жүктеді. Өзгелер секілді, Астана аумағында да тұрғын үй мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланып жатқан жерлерді тек­се­ріп, түгендеу жүргізілді. Заңды қо­ны­шы­нан басқандарға жер учас­ке­ле­рін мәжбүрлі түрде алу үшін­ талап арыздары жолданды. Осы мәселемен айналысатын Ас­та­­на­ қаласы бойынша Аумақтық жер­ инс­пек­ция­сы өткен жылдың қорытындысы бойынша, бақылау жүр­гізудің 1500 жер аумағында 700 заң­ бұзушылық дерегін анықтаған.
Жалпы жер заңнамалары бойынша жерді алған азаматтар екі жыл ішінде жер телімін мақсатына сай пайдаланбаса, оны мемлекет мәжбүрлеп алып қоюға құқысы бар. Мұндай жағдайда мемлекет жер иесіне ешқандай да өтемақы төлемейді.

– Жер телімдері бұдан былай­ же­ке­мен­шікке өтпейді, тек аза­мат­­тарға жалға беріледі деген сөз қаншалықты рас?
– Қазіргі кездегі қолданыстағы заңнама талаптары бойынша, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелері азаматтарға құрылысты жүргізіп, үйді белгіленген тәртіппен салып бітіргенге дейін жалға беріледі. Ал­ сол­ жерге меншік құқығын бе­ру­ тек салынған үй толыққанды пайда­ла­ну­ға берілгеннен кейін ғана жү­зе­ге асырылады.

– Астанада жерді заңсыз басып алып, үй салып алғандар да бар. Олардың жағдайы не болмақ?
– Жерді заңсыз басып алып, он­да өз­ ер­ік­те­рі­мен үй салып ал­ған­дар­ не­­гі­­зі­­нен Сарыарқа ау­да­ны­на қа­рас­­ты «Өндіріс» және­ «Кир­пич­ный» тұрғын алап­та­­рын­да­ тұрады. Бұл жерлерге­ сот­ ше­ші­мі­ шы­ғып­ кеткен. Яғ­ни­ жер­ заң­дас­ты­рыл­май­ды.­ Сот­ ше­ші­мін өзгертуге біз­дің­ де құқымыз жоқ. Оларға үй­ле­рі­нің заңдастырылмайтыны, сол алқаптардың мәселесі қала­мыз­дың­ Бас жоспарына сәйкес жер­ді игеру барысында және заң­ талаптары шеңберінде ғана бір­жақ­ты шешілетіні ашық әрі айқын түсін­ді­ріл­ген.

– Бас жоспар демекші, бола­шақ­та Астана қаласының аумағы кеңейтілуі мүмкін бе?
– Елорданың 2011 жылғы жер­ ба­лан­сы­ның есебі бойынша­ Астана қаласының аумағы 72,2 мың га-ны құрайды. Соның ішінде 20,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы мақ­са­тын­да, 26,6 мың гектары – ел­ді­ ме­кен­дер орналас­қан­ жер­лер,­ 2,6 мың гектары – өнеркәсіп, өн­ді­ріс, көлік және қорғаныс мақса­тын­да­ғы, 16,0 мың гектары – орман қо­ры­ның,­ ал 4,4 мың гектары су қоры­ның­ жерлері болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Респуб­ли­­ка­сы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №71 қаулысымен Ас­та­на қаласының қала маңы ай­ма­­ғы­ның және қала құрылысын ай­рық­ша­ рет­теу аймағының шекара­лары белгіленді. Қазіргі уақытта қала ма­ңы­ның аймағы 1 млн 172 мың гек­тар­ды құрайды.
Жақында Ақмола облысы мен Астана қаласы өзара жер телімдерін ауыстырғаны өздеріңізге мәлім. Өзара айырбасталған жер учас­ке­ле­­рі­нің жалпы аумағы – 17,1 гек­тар­ды құрайды және бұл жер учас­ке­ле­рі Астанаға іргелес жатқан аталған облысқа қарасты Целиноград ауданындағы «96-разьезд» атты елді мекеннің аумағында ор­на­лас­қан.

– Кезекте тұрғандарға биыл да жер телімдері берілмеуі мүмкін бе?
–Қажетті инженерлік инфра­құ­ры­лыммен, коммуникациялармен жабдықталған, бөліп беруге дайын аумақтар болмау себепті жеке тұр­ғын­ үй­ құ­ры­лы­сын салуға жер те­лімі берілмейді.

–Түсінікті. Әңгімеңізге рахмет.­

 Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

  1. талғат :

    тұрғын үй салу үшін жер телімін алу үшін кезекте тұрғандардың тізімінде қайтыс болған, т.б. азаматтарды тізімнен қалай алып тастайды және қалайша жаңартылып отыруы тиіс

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − fourteen =