Жер астынан жол салынады

0 91

«Хан Шатыр» сауда – ойын-сауық орталығына жер асты өтпе жолын салуға байланысты Тұран даңғылымен қиылысатын Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі аралық 20 тамызға дейін жабылады» деп хабарлады кеше қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында  Жолаушылар тасымалы орталығы директорының орынбасары Жомарт Дәуменов.

Жерасты өтпе жолын салу құрылысы кеше түнде басталды. Құрылыс кезінде көлік жүргі­зу­шілердің назарына қажетті ес­керту, тыйым салу жөніндегі жол белгілері ілінетін болады.

«Бұл – Астанада салынып жатқан 10-ыншы жерасты жол өтпесі. Оны біз аталған жол телімінде қозғалысты жеңілдету үшін салып жатырмыз. Бұл – халық көп шоғырланатын жер. Онда «Ғашықтар» саябағы, «Ас­тана-Опера» театры бар. Сон­дықтан жерасты өтпесін салу қа­жет­тігі туындап отыр» деді. Жол полициясы бас­­қармасы басшысының орынбасары Қали Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ол авто­жүр­гізушілерге жол жүру бағыттарын алдын ала анықтап, уақытша: Қо­наев көшесі – Қабанбай батыр даң­-
­ғылы – Достық көшесімен және кері қарай да осы сызба бойынша немесе «Хан Шатыр» СОО ар­тын­дағы айналма жолмен батыс бағыты бойынша жүруді ұсынады.

Жүк машиналары қозғалысы Тұран даңғылында Сығанақ кө­шесі мен Қорғалжын тас жолына дейін шектеледі. Онда мына: Сы­ғанақ көшесі – Бейсекова кө­ше­сі – Қорғалжын тас жолы – Тұ­ран даңғылымен, кері қарай да осы сызба бо­йынша жүру ұсынылады. Қоғам­дық көлік «Хан Шатыр» СОО артындағы айналма жолмен ба­тыс бағыты бойынша жаңадан қойыл­ған үш аялдамаға тоқтап жүреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =