«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жеңіс вальсін биледі

0 5

Елордада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ер есімі – ел есінде» әскери-патриоттық сағаты өтті. Шараның мақсаты – қазақ халқының қаһармандары туралы кейінгі ұрпаққа насихаттау.

DSC08589

– Жас ұрпаққа батырларымыздың ерлігін жеткізу үшін осы шараны ұйымдас­тырып отырмыз. Бабалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Дегенмен біз әрқашан айтып отыруымыз керек. Шараға ардагерлерімізбен бірге №2 музыкалық мектептің оқушылары да қатысады. Мұндай шаралар орталығымыздағы ардагерлердің көңіл-күйін көтереді. Сол үшін әр мереке сайын ұйымдастыруға тырысамыз, – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданы бойынша басшысы Жанар Есенаманова.

Шарада музыкалық мектеп оқушылары әскери әндер орындап, түрлі аспапта ойнады. Әскери-патриоттық сағат соңында зейнеткерлер Жеңіс вальсін биледі.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды