Жеңімпаздар анықталды

0 22

Нұр-Сұлтанда Brain games жобасы аясында мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнайы оқу орындарының студенттері, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері және NEET санатындағы жастар арасында шахмат турнирі өтті.

image-28-09-21-11-44-8
image-28-09-21-11-44-9
image-28-09-21-11-44-4
image-28-09-21-11-44-5
image-28-09-21-11-44-6
image-28-09-21-11-44-7
image-28-09-21-11-44-3
image-28-09-21-11-44-2
image-28-09-21-11-44-1
image-28-09-21-11-44
previous arrow
next arrow

Қалалық шахмат турниріне 14-29 жас аралығындағы 50 елордалық қатысты, олар «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының Instagram желісіндегі парақшасында онлайн-форматта алдын ала тіркелді.
Жарыс барысында қатысушылар 6 турдан тұратын шахмат партияларын ойнады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Нұр-Сұлтан мәслихатының депутаты Ерлан Дакенов дәл осындай жарыстар алдағы уақытта халықаралық спорт ареналарында ел намысын лайықты қорғай алатын әлеуетті чемпиондарды тәрбиелеуге және дайындауға көмектесетінін атап өтті.
Зияткерлік ойын әуесқойлары қалауы бойынша фавориттерді қолдап қана қоймай, open-air форматында еркін үстелдердегі шахмат қозғалысына қосыла алды.
Кеш соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, естелік және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін жарысқа қатысушылар алғашқы әсерімен бөлісті. Олар ұйымдастырушыларға турнирді жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =