Жеңімпаз ел намысын қорғайды

0 118

Елордадағы Оқушылар сарайында «Аялаған Астана» атты республикалық поп-орындаушы балалар бай­қауы­ның ашылу рәсімі өтті.

Байқаудың бірінші кезеңі – іріктеу турында республиканың 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларында кастингтер өткізіліп, 950-ден астам бала бақ сынады. Өнерпаздардың ішінен үздіктерін Мәдина Сәдуақасова, Әлішер Егембердиев, Бүркіт, Айқын Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова, Батыр Байназаров, Данияр Өтеген
(«Ринго»), Алмас Кішкенбаев, Жанболат Беделхан («Орда») және Алтынай Жорабаева сынды танымал эстрада жұлдыздары іріктеп, жартылай финалға 12 үміткер жолдама алды.

Бұл байқаудың басты мақсаты – биыл Артекте өтетін «Новая Детская волна» байқауында Қа­зақстанның атынан өнер көрсететін және ел на­мысын қорғап шығатын жас әншіні таңдап алу.

Шоу шілде айының 4, 5, 6 күндері «Еуразия» телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Байқау жеңімпазын анықтауға көрермендер де смс хабарламалар жолдау арқылы үлес қоса алады. Ал, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздың аты 6 шілде күні өтетін гала-концертте белгілі болады.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − 4 =