Жеңімпаз атанды

0 86

Назарбаев Университетінің студенттері екінші жыл қа­­та­­рынан «Astana Startup Weekend» байқауының же­ңім­­­пазы атанды. Білікті қазылар алқасы саңы­­рау­­құлақ­­тар­­дың арнайы сұрыбының көме­­гімен қоқыс қалдықтарын кәдеге асыру жобасын үздік деп таныды. Жоба авторлары – бірінші курс студенттері Әлібек Молдақожаев пен Ақерке Амангелдина 500 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде алды. Сонымен қатар, «Роботтехника және мехатроника» мамандығының бірінші курс студенті Диас Әлімбайдың жобасы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша қазылар алқасының назарына ұсынылып, «Үздік smart идея» жеке аталымына лайық деп танылды. Іс-шараның қатысушылары 54 сағаттың ішінде бизнес-жоспар әзірлеп, қазылар қарауына ұсынуы керек. Осы жылы StartupWeekend-а жобалары алдағы «ЕХРО-2017» көрмесінің: «Ақылдылар», және «Жасыл» технология» сынды өзекті тақырыптарына арналды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 10 =