Жеңілдікпен берілетін пәтерлер саны артады

0 22

«Баспана – өте өзекті мәселе. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз. Жеңілдікпен берілетін пәтерлер салынып жатыр. Апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүріп, қауіпті тұрғын үй кешендерді жөндеп келеміз. Сонымен бірге құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтап, пайдалануға беріп, тұрғындарды тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз етіп жатырмыз. Жетекші құрылыс компанияларымен кездесуде маңызды мәселелер қатарын талқыладық» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

«Бірінші. Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысын кеңейтуді жалғастырамыз. Мәселен, 2018 жылы – 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Бұл көрсеткіш биыл 10 мыңға дейін артты.
Екінші. Елордада Елбасының бастамасымен үшінші жыл қатарынан (2019 жылдан бастап) «жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Ол бойынша жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.
Үшінші. Қауіпті тұрғын үй кешендерін жөндеуді жалғастырамыз. Өткен жылы 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жасалды. Олардың ішінде балкондарымен «әйгілі» болған үйлер бар. Жел соққанда балкондар қабырғалардан алыстап кететін еді. «Территория комфорта-2» үйі де осы қатарға жатады.
Төртінші. Өткен жылы апатты жағдайдағы ескі үйлерден 200-ге жуық отбасы көшірілсе, биыл да дәл сонша отбасы көшіріледі.
Бесінші. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін көбейтілді. Сондай-ақ тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары кеңейтілді: егер бұрын тізімге халықтың әлеуметтік әлсіз тобынан 3 санат қана болса, енді барлық санаттар енді.
Алтыншы. Үлестік құрылыс нысандарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. 2019 жылы 10 үлестік құрылыс нысаны салынып, пайдалануға берілді, бұл – 2,5 мың үлескер. 2020 жылы екі есе көп – 20 ТК аяқталды. Биыл тағы 7 мыңға жуық үлескерге кілттерді табыстауды жоспарлап отырмыз.
Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша барлық шараларды бақылауда ұстаймыз» деді шаһар басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =