©2020 Астана Ақшамы
Жеңілдік билеті ұзартылды
Елордада жолаушылар көлігінде жеңілдетілген жол жүру билеттерінің мерзімі 2013 жылдың соңына дейін ұзартылды. Демек, 2012 жылғы үлгідегі жеңілдетілген жол жүру билеттері әлі де пайдаланымда болады.
Жеңілдікпен жол жүру билеттері 2007 жылғы 17 қарашадағы қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес қаланың жолаушылар көліктерінде жеңілдетілген жол жүру құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілгендер, жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетке шыққандар, мүгедектер мен көпбалалы аналар ие болған еді.