Жеңілдігі бар карталар тәркіленді

0 7

Елордада жеңілдігі бар азаматтар санаттарына жатпайтын жолаушылардан 815 жеңілдігі барларға берілетін көлік картасы тәркіленді. CTS компаниясы жеңілдігі бар көлік карталарын үшінші тұлғаларға беру жағдайлары жүйелі түрде болатынын анықтаған.

Қоғамдық көлікте ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар және оларға теңестірілген тұлғалар, жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасына және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты зейнет жасына жеткен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 18 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді.
Жалпы жыл басынан бері көліктегі бақылау бөлімінің қызметкерлері жол ақысын дұрыс төлемеген 155 839 жолаушыны анықтады. Соның ішінде жергілікті полиция қызметкерлері 2407 жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Жыл басынан бастап салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 13 373 292 теңгені құрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =