ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛЕДІ

0 179

1386312189-651

«Нұр Отан» партиясы Астана қала­лық филиалында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті күшей­ту­дегі ынтымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қою рәсімі өтті.

– Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақ­ты­лығы мен қауіпсіздігіне қатер­ төн­ді­ріп, елімізде атқарылып жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі кел­ті­ретін қоғамдық дерт. Көптеген салада орын алып жатқан жемқорлық әрекеттер Қазақстан Республикасының ішкі жағдайына ғана емес, оның халықаралық беделіне де нұқсан келтіреді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті болып табылады. Сол себепті де мем­ле­кетіміздің экономикалық және саяси тұрақ­ты­лығын азаматтардың құқықтары бос­тан­дық­тарын қамтамасыз ету ісіне бел­сенді түрде ат салысуымыз қажет, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов салтанатты рәсім алдында сөйлеген сөзінде. Одан кейін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Эко­но­микалық қылмысқа және сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы күрес департаментімен, Қаржы­лық бақылау инспекциясымен, Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының қалалық филиалымен және Халыққа қызмет көрсету орталығы астаналық филиалымен ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − seven =