Жемқорлықты жою үшін

0 98

Бүгінде экономика, әлеуметтік сала мен саясатқа ірткі салған жемқорлық оқиғасы қоғамның барлық саласын дендеп кетті. Онымен күресу қоғамның міндетіне айналды. Қаржы министрлігі Салық комитетінің сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жалпы ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруы – осының айғағы. «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясын» жасай отырып, осы арқылы салық қызметі органдарының өз ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресіп келеді.

Астана қаласы бойынша Алма­ты аудандық салық басқармасында қолға алынған негізгі бағыттың бірі – жемқорлыққа тосқауыл. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасында бұл мәселе тура­лы кеңінен айтылған. Яғни сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму мен нарықтық экономика құрылысы процестерін, инвестиция тартуды тежейтіні атап өтілген. Біздің елде жемқорлықпен күресуге арналған заңнамалық базалар және «көлеңкелі экономика» көлемін қысқартуға, эконо­мика саласындағы құқық бұзушылықпен күресуге бағытталған бағдарламалар жеткілікті. Бүкіл мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Заңға сәйкес, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Жоғарыда аталған стратегияның мақсаты – салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жүйесін жетілдіру, салыққа қатысты барлық саладағы жемқорлықты жою шараларын іске асыру. Жемқорлықпен күрестің бір жолы – салық органдарының беделін көтеріп, халықтың салықтық мәдениетін арттыру. Осы мақсатта Алматы аудандық салық басқармасында орган өкілдерінің қатысуымен семинар, мәжілістер жиі өткізіледі. Онда салық органдарындағы заңдылық және оны қорғау, сыбай­лас жемқорлық, құқық бұзылушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − one =