Жемқорлыққа қарсы жұмылыс

0 74

Жақында ЕЦ-166/1 мекемесiнде «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу» туралы семинар өттi.

Оған «НұрОтан» ХДП Астана қалалық филиалының Талдау және әлеуметтiк зерттеулер орталығының басшысы Қазбек Қазкенов және оның орынбасары Қайрат Ахметов қатысты.
Семинарда елiмiздегi саяси және экономикалық жағдайлар, қоғамдағы құқықбұзушылық, жемқорлыққа жол берудiң аспектiлерi кеңiнен талқыланды. Мекеме қызметкерлерi сыбайлас жемқорлық секiлдi ауқымды мәселеге қоғамның барлық мүшелерi жауапты екенiн және әр азамат оған өз үлесiн қосу қажеттiгiн жеткiздi. Жалпы, жемқорлықтың алдын алуда, осындай семинарлардың бүгiнгi жастарға берерi мол деуге болады.

Талғат ӘЛИЕВ,
ЕЦ-166/1 мекемесiнiң қауiпсiздiктi қамтамсыз ету
бөлiмiнiң қызметкерi

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − two =