Жемқорлық жүгенделуге тиіс

0 94

Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Т.Қаскиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  мәселелері жөнінде қалалық форум өтті.

Жиынға сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті басшысының орынбасары Д.Мүсілімовтің, «Нұр Отан» партиясы Астаналық филиалының партиялық бақылау инспекторы С.Күлбаев, елордалық Кәсіпкерлер палатасының өкілі С. Мүжіков және мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Т.Қаскин жаңа­дан құрылған Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі міндеті туралы айтты. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген «Бес институционалдық реформаны іске асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру» – баршаға ортақ міндет екендігін айта келіп, бұл тапсырмаларды орындауға барлық мемлекеттік орган жұмыла кірісу қажеттігін тағы бір еске салды.

Форум барысында кәсіп­керлер мен бизнестің мәсе­лелері көтерілді. Бұған департамент қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жауап берді. Кездесу соңында астананың бизнес өкілдері қолдаған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша астананың кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы ұсынылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =