ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ІНДЕТІ

0 214

Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әйелдер ұйымдарының, этномәдени және діни бірлестіктердің қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта диалог алаңы ұйымдастырылды.

jemkorlyk

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараны өткізуге Қа­зақстан Рес­публикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мұрындық болды. Жиынға әйел құ­қын қорғайтын ұйым­дар мен этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Алдымен мінберге көтерілген «Транспаренси Қазақстан» Қамқорлық кеңесінің мүшесі Светлана Арыс­тамбаева «Әйелдер және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында баяндама жасады. Ол Еуропаның 150 мемлекетінде және Азия мен Африка ел­де­рінде жүргізілген зерт­­теулер бойынша әйел­дердің ерлерге қа­рағанда аз сыбайласатынын айтты. Саясат­пен енді араласа бас­таған нәзік жандылар жемқорлыққа жол беруге жүрексінеді екен. Мәлі­меттерге сүйенсек, осындай жағ­дайларға тап болған әйел­дердің 22 пайызы жемқорлық жөнінде ха­барлайды-мыс.
Одан кейін еврей мә­дени-ағарту, қоғам­дық-саяси қо­ға­мы­ның төр­ағасы Моисей Гольдберг сөз алып, эт­но­мәдени бірлес­тік­­тердің сыбай­лас жем­­қорлыққа қарсы мәдениетті қалыптас­ты­ру­дағы маңызы турасында әңгі­меледі.
Ал исламның жем­қорлықты айыптайтыны жайлы Қазақстанның діни және рухани бас­қар­масының өкілі Марат Бектазимов айтып берді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + fourteen =