Желтораңғы туралы аңыз

0 18

Таяуда «Астана Балет» театрында хореограф Анвара Садықова қойған «Желтораңғы туралы аңыз» бір актілі балетінің премьерасы өтті. Бұл тамаша туындының музыкасын композитор Қуат Шілдебаев, либреттосын ақын Бақыт Қайырбеков жазған.

да тамыр жайған ғажайып ағаштың төңірегінде өрбиді. Құм көшкініне төтеп берген тораңғы қатайып, тамыры терең бойлайды. Бірақ күтпеген жерден отыншылар келіп, ағашты шаппақшы болғанда, бір бозбала тораңғыны қорғап қалады.
Спектакльде көтерілген негізгі идея – басына бұлт үйі­рілген тұстағы халықтың асқақ рухын суреттеу. Осы күш-қуат тораңғы бейнесімен өрілген. Сонымен бірге қоюшы-хорео­граф адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді қозғайды. Сахнада ол қатыгез тайталасқа ұласады. Сөйтіп, адамдардың табиғатқа ойланбастан, қасақана қол салуының залалын шынайы бедерлейді.
– Бұрын барлық адамдар, әсіресе, біздің халқымыз айналадағы тіршілік атаулының жаны бар деп сенетін. Сол себепті табиғатты аялайтын: мекиен далада көк атаулы аз болғандықтан, әр ағаш киелі саналатын. Далада ағашты көрсеңіз, бұл жақсылыққа баланатын. Оның саясында тынығуға болады, оған құстар ұя салады. Мұның бәрі – біздің пайымымыз жете бермейтін сұлулықтың көрінісі. Оны аялап, оған қорған болу керек, – дейді либретто авторы Бақыт Қайырбеков.
Тораңғы партиясын екі күнде «Астана Балет» театрының солистері Аңсаған Көбентай мен Әсел Жанғасқаева орындады. Бозбала партиясын Фархад Бөриев пен Сүндет Сұлтанов, ал, нәзік те асқақ Тораңғы жанын – Дилара Шомаева мен Дарина Қайрашева сомдады.
«Қазақ философиясы мен мәдениетінде әйел затының алар орны ерекше. Ол – рух секілді, барша тіршілік атаулының бастау бұлағы. Қойылымда ол тораңғы бейнесі арқылы берілген. Ол ұлттық нақыштағы орман нимфасы іспетті» дейді театрдың жетекші солисті Дилара Шомаева.
Сондай-ақ сахнадағы әсем декорация мен костюмдер қазақ биінің бай мұрасы мен классикалық биді ұштастыр­ған хореографтың бірегей пластикалық тілін ажарландыра түскен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − 2 =