Желілер иесіз қалмайды

0 8

«Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарында коммуналдық апаттардың болу себептерінің бірі – иесіз, қараусыз қалған желілер. Себебі оларға тиісті күтім жоқ, әрі іс жүзінде ешбір есепке алынбаған» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар қала басшысы өткен жылдан бастап иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды қала балансына қабылдау бойынша жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Егер өткен жылы 680 желі анықталса, бүгінде оның 498-і иелікке алынды.
Иесіз қалған желілердің арасында электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және өзге де желілері бар. Аталған бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.

 

Жол жөндеу – қатаң бақылауда

«Сапалы жол» жобасының аясында елордада атқары­лып жатқан жұмыстарды қорытындылауға арналған онлайн конференция өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалалық басқармалардың басшыларына жол құрылысы сапасының мониторингіне бюджет қаражатын бөлу мәселесін қайта қарау, сондай-ақ отын-энергетика кешені басқармасы мен
«Жол активтерінің ұлттық орталығы» РМК филиалы арасында келісім-шарт жасау жөнінде тапсырма берді.
Биыл қала әкімдігі жалпы ұзындығы 98,7 шақырым құрайтын 150 көшеге орташа жөндеу жүргізуді жоспарлаған. Оның ішінде 50 орталық және тұрғын үй алаптарында 100 көше, сондай-ақ
22 нысанның құрылысы бар.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × two =